• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Ақпан, 2024

Қазақстанға вейптерді заңсыз жеткізген күдікті ұсталды

157 рет
көрсетілді

Құрамында психотроптық зат бар вейптерді ел аумағына жеткізу арнасы әшкере болды. Аталған фактіні ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

− «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді, − делінген хабарламада.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген екен. Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікті 2 ай мерзімге қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жарияланбайды.