Шымкент базарларында зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңгедей шығын келтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол сауда нүктелеріне сатып алушы ретінде барып, бағалы бұйымдарды білдіртпей ұрлап, тайып тұрған. Нәтижесінде, тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданған.
Полиция мәлімдемесінде: «Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камералары жазбаларын тексеріп, ұрының жеке басын анықтады. Ол ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Алматы тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жерінен ұстады. Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгеріпті», делінген.
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Құқық қорғаушылар оның басқа да ұқсас жайттарға қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өтті.