Су спорты түрлерінен Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстанның екі спортшысы жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.
Атап айтқанда, әйелдер арасында А тобында Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуден 31.40 (Азия рекорды) көрсеткішімен озды.
Дәл осындай қашықтықта аталған әдіспен жүзу бойынша ерлер арасында В тобында Арсен Қожахметов 28.26 (Азия рекорды) көрсеткішімен үздік атанды.