• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Ақпан, 2024

Түрмедегі төбелес. Қатаң режимдегі колонияда сотталушы көз жұмды

256 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы, Абай ауданындағы №29 қатаң режимдегі түзеу колониясында сотталушы қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.

Қатаң режимдегі бұл калонияда ауыр қылмыс жасағандар мен қайта қылмысқа барғандар жазасын өтейді. Аталған санаттағы қылмыскерлер арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға барысында жанжалдасушының бірі ауыр дене жарақатын алып, салдарынан көз жұмды. 

Төбелес кезінде мекеме қызметкерлерінің қайда болғаны тексеріліп жатыр. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылды.

«Сотталғандар арасында жанжал туындап, салдарынан олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті оның қорытындысы бойынша тексеру тағайындады. Оның ішінде қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беріледі», делінген Қарағанды ​​және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.