«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен тергеп жатыр.
«Зауыт басшылығына мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша іс қозғалды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», деп хабарлады агенттіктен.