Үкімет қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев берген өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағандыда дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін мехатроника және роботтехника мамандығы бойынша (2008), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Экономика мамандығы бойынша (2012), «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университетінің магистратурасын Денсаулық сақтау магистрі дәрежесімен (2019) тәмамдаған.
2009-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, бас сарапшы, сарапшы лауазымдарын атқарды.
2017-2022 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры болды.
2022 жылы 7 шілдеде Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған еді.