• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2024

Қаланың құрметті азаматы атанды

138 рет
көрсетілді

Ауған соғысының ардагері Марат Қалғұлов Қонаев қаласының Құр­метті азаматы атанды. Ардагерге бұл құрмет биыл кеңес әске­рі­нің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай облыс орталығы – Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген еді.

Жеңіс саябағындағы еңселі ес­керткішке жиналған Ауған соғы­сының ардагерлері мен әскерилер, ақсақалдар мен қала тұрғындары алқызыл гүл шоқтарын қойып, қан майданда ерлік көрсеткен, соғыс­тың зардабын татып, өмірден өткен жауын­герлердің рухына тағзым етті.

Бұдан соң Мәдениет үйінде жал­­ғасын тапқан жиынға Қонаев қа­ласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, лебізін білдірді.

«9 жыл 10 айға созылған Ауған соғысы туралы деректерге сүйен­сек, кеңес одағынан 600 мыңнан астам адам аттаныпты. Осыдан 35 жыл бұрын Ауған соғысынан 21 371 Қазақстан ардагері аман-есен отанына оралған екен. Олардың қатарындағы 91 ардагер бүгінде Қонаев қаласының тұрғыны»,  деген қала әкімінің орынбасары бұл іс-шараның өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор екенін атай келе, қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен Ауған соғысы ардагерлеріне алғысын білдірді.

Салтанатты жиында Ауған ар­да­гері Марат Қалғұловқа Қонаев қала­сының Құрметті азаматы ата­ғы берілді. Сондай-ақ ардагерлерге 35 жылдық мерекелік медалі мен Алғысхат табыс етілді. Бас­қо­­су­­дың соңы патриоттық әндер орын­­­дал­ған концерттік бағдар­ла­ма­ға ұласты.

 

Алматы облысы