• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Ақпан, 2024

Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

89 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.

Жүздесуге халықаралық ұйымның Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневтен өзге әлеуметтік қорғау, адами капиталды дамыту жөніндегі мамандары да қатысты.

Тамара Дүйсенова Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы әріптестік қатынасқа оң баға беріп, халықты әлеуметтік қорғау саласында атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Вице-премьер әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту ісінде әдістемелік, техникалық тұрғыда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азиядағы әлеуметтік қорғау тәжірибесінің жетекшісі Паоло Белли еліміздегі әлеуметтік төлемдерді таға­йын­дау мен берудегі цифрландыру үр­дісін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл тәжірибені өзге елдерде пайдалануға болады.

Халықаралық ұйым өкілдері алдағы уақытта әлеуметтік қорғау жүйесі мен бағдарламаларды, зейнетақы саяса­тын дамытуға, әріптестік қарым-қаты­нас деңгейін жоғарылатуға мүдделі екен­дерін жеткізді.