Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қала басшысы еске салғандай, өткен жылдың қараша айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 61 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы сәтті аяқталды.
2024 жылдың маусым айында Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарында 395 км жаңа сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысын бастау жоспарда бар.