• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Айбын 29 Ақпан, 2024

Балдырғандар – «Жас бүркіт» клубының мүшесі

174 рет
көрсетілді

Сарбаздардай сап түзеп, әскери әдістерге машықтанған балдырғандар әлеу­меттік желі қолданушыларын таңғалдырды. Көптің қызығушылығын тудыр­ған айрықша бөбекжай Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылындағы «Өркениет» балабақшасының тәрбиеленушілері болатын.

Ұлттық ұланның өкілдері Ұзын­ағашқа арнайы ат басын бұрып, көпші­лікті тәнті еткен тәтті балақай­ларды «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозға­лысына қабылдады. Қуатты құры­лым­ның «Оңтүс­тік» өңірлік қолбасшы­лығы қолбасшысының тәрбие жә­не әлеуметтік-құқықтық жұ­мыс­тар жөнін­дегі орынбасары, полковник Нияз­тай Әлкешев бастаған ұландықтар мен Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, сондай-ақ жергілікті білім бөлімінің өкілдері балабақшада ерекше форматтағы іс-шара өткізді.

Іс-шараның шымылдығын ашқан Жамбыл аудандық білім бөлімінің бас әдіскері Салта­нат Әденова балдырғандардың әлеуметтік желі арқылы тара­ған өнерін бағалап, қолдау білдіріп құт­тықтап келіп отыр­ған Ұлттық ұлан­ның бас­­шылығына ризашылығын білдірді.

– Әлеуметтік желі деген үлкен күш болып тұр. Сол арқылы балабақшамыздың жұмысы бүгінде республикаға тарап жатыр. Он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұжым – ауданымыздағы ең ірі ба­лабақшалардың бірі. Мұн­­да 200-ден аса бала тәр­бие­леніп келеді. Бұл меке­ме­нің әлеуеті өте жоғары, бал­дыр­ғандары­мыз облыста және ауданымызда өтетін қоғам­дық іс-шараларға белсен­ді қатысып тұрады. Ұлттық құн­дылықтарымызды дәріптеп, балаларды патриот­тық рухта тәрбиелеп жатқан жұмысымызға көңіл аударған ұландықтарға рахмет, – дейді Салтанат Сәбитқызы.

«Өркениет» бөбекжай бала­бақша­сында қонақтар бала­лардың ұйымдас­тыруымен өткен салтанатты концертті тамашалады. Балабақшаның жас өнерпаздары әскери ән­дерді орындап, ұлттық биден шашу шашты. Кеңес Ода­­ғының Батыры, гвардия пол­ковнигі Бауыржан Мо­мыш­ұлы атындағы 5571 әске­ри бөліміндегі «Гене­рал» тобының солисі Мәди Ма­қажанов «Адай» күйін тартса, Абай атындағы Қазақ ұлт­тық опера және балет театрының солисі Фархат Кубиев бүлдіршіндермен бірге «Атамекен» әнін орындады.

Полковник Ниязтай Әл­кешев бүл­­дір­шіндерді пат­риоттық рухта тәр­биелеп жүр­ген ұжым басшысы Ақ­марал Ғұмарқызына Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеу­меттік-құ­қық­тық жұмыстар жөніндегі орынбасары Халық Қаһар­маны, генерал-майор Қайрат Үмбе­товтің және балалардың талантына қанат бітір­ген бала­бақша тәрбиешісі Айнұр Мақ­сат­қызына «Оңтүстік» өңір­лік қолбас­шылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Әміреевтің Алғыс­хатын табыстады.

Осыдан кейін бөбекжай бүл­­­діршіндері «ТikTok» әлеу­­­мет­тік желісінде тарап, жұрт­­­­­­шылық­ты тамсан­­дыр­­ған өнер­­­ле­рін қонақтар наза­рына ұсын­­­ды. Жиын соңын­да «Өр­ке­­ниет» бөбек­жай бала­бақша­сының 50 балдырғанына «Жас бүр­кіт» әскери-патриот­тық қозға­лысының туы, арнайы эм­б­лемасы мен банданы та­быс­­талды. Осылайша, алғаш рет балабақша балдырғандары «Жас бүркіт» әскери-пат­риот­тық қозғалысының мүшесі атанды.

 

АЛМАТЫ