• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Наурыз, 2024

Парламентаралық серіктестік артып келеді

96 рет
көрсетілді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Феде­рация­сының Қазақ­стан­дағы Төтенше және Өкі­летті Елшісі Алексей Боро­дав­кинді қабылдады. Тарап­тар екіжақты қарым-қа­тынастарды дамыту мә­селелерін талқылады.

Ерлан Қошанов Ресей мен Қазақстан Тату көрші әрі одақ­тастық туралы шартты негізге ала отырып, ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшылары біздің түрлі саладағы өзара бай­ла­ны­сымыздың жоғары қарқы­нын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Пу­тин­нің қатысуымен өңірара­лық ынтымақтастық форумдары тұрақты түрде өткізіліп, нәти­жесінде маңызды эконо­микалық жобалар қолға алынды. Біздің елдер арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келе­ді және 70 пайыз өңірлер ара­сын­дағы тікелей сауда ар­қылы қамтамасыз етіліп отыр,  – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы парла­мент­а­ра­лық ынтымақтастық Қазақстан-Ресей байланысының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты. Мемлекеттік Думадағы әріптестермен түрлі формат­тағы  достық топтары және па­лата­аралық парламенттік комис­сия аясындағы ықпалдастық артып келеді. Депутаттар ТМД Парламентаралық Ассамб­леясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Парламентаралық одақ және басқа да көпжақты форумдар алаңында тұрақты түрде пікір алмасып келеді.

– Биыл Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етіп отыр. Маусым айында Алматыда ұйымның Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді деп жоспарланған. Біз ресейлік әріптестерімізді Қазақстанда күтеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде Елші Алексей Бородавкин Қазақстанмен қоғам­дық-саяси, сауда-эко­но­микалық және мәдени-гуманитарлық сала­ларда дамып келе жатқан кең ауқым­дағы ынтымақтастыққа Ресей үлкен көңіл бөлетінін айтты.

Тараптар Мәжіліс төраға­сының Ресейге ресми сапары­на дайындық барысын, сон­дай-ақ Қазақстан депу­тат­тарының Ресей Федера­циясын­дағы Пре­зидент сайлауын бақылауға қатысуын талқылады.

Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты қарым-қаты­­насты нығайтуға, соның ішін­де парламентаралық ынты­мақ­тастық аясында дамытуға келісті.