Қазақтанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv.kz арнасына сілтеме жасап.
Иржи Лехечкамен (#36) өткен ойын барысында теннисші жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Бұл кезде 6:4, 4:1 есебімен Қазақстан теннисшісі алда тұр еді. Осылайша Бублик осы маусымдағы үшінші турнирдің жартылай финалында ойнайды.Ол финалдың жолдамасын Александр Андрей Рублевпен (#5) сарапқа салады. Екінші жартылай финалда Даниил Медведев (#4) пен Уго Умбер (#18) кездеседі.