Синоптиктер 2-4 наурыз күндері аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдің басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемге тән шуақты болатыны күтіліп отыр, тіпті елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі күтіледі.
Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа райы басым болады деп болжанып отыр.