• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әскер 02 Наурыз, 2024

Қорғаныс министрлігі әскерден жалтарғандардың санын жариялады

190 рет
көрсетілді

Ведомство өкілінің мәліметінше, соңғы жылдары әскерге барудан жалтарғандардың көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымовтың айтуынша, соңғы екі жылда жас жігіттердің белсенділігі жоғары.

«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын әскерден жалтарушылар саны шамамен 35-40 мың адамды құрады. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша - 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды», дейді Қорғаныс министрлігінің өкілі.