• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2024

Маңғыстаулық дәріханада есірткі сатылған

158 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы дәріханадан 45 мың қаптамадан астам Тропикамид көз тамшылары табылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, дәріхананың лицензиясыз жұмыс істеуі, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен дәрілерді сақтау және «Тропикамид» препараттарын рецептісіз ірі көлемде беру фактілері анықталды. 

«Осыған байланысты облыстық прокуратураның келісімімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхана қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша дәріхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар сот шешімімен кәсіпкердің қызметі үш айға тоқтатылды.

Тропикамид – адам өмірі мен денсаулығына кері әсер ететін және есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін зат.