• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2024

Шымкентте үшем дүниеге келді

198 рет
көрсетілді

2 ақпанда Шымкенттегі №2 қалалық көпсалалы аурухананың босану бөлімінде үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының тұрғыны 1993 жылы туған Наргиза Әшірметова үшемнің бақытты анасы атанды.

Әшірметовтер отбасында 3 бала бар. Бұл жолы отбасы үш ер баламен толықты.

Бірінші баланың салмағы - 1735 грамм, бүгінде - 2300 грамм; Екінші баланың салмағы - 1450 грамм, бүгінде - 2035 грамм; Үшінші баланың салмағы - 1680 грамм, бүгінде - 2310 грамм.

Әйел жүктіліктің 33-ші аптасында босанған.