• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 04 Наурыз, 2024

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

118 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалып отыр.

«Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған», делінген хабарламада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.