• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 04 Наурыз, 2024

Алматыдағы жер сілкінісі: Төтенше жағдайлар министрі Президентке жағдайды баяндады

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстарын Президентке баяндады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр», деді Шыңғыс Әрінов. Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрлікке тұрғындардың амандығын қамтамасыз етіп, Алматыдағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент қала әкімі Ерболат Досаевқа да жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жүктеді.

Соңғы жаңалықтар