• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Алматы 05 Наурыз, 2024

Комьюнити орталығының көмегі

121 рет
көрсетілді

Алматыдағы Жастар орталығында еліміздің әр аймағынан келген Жастар саясаты басқар­маларының жетекшілері бас қосып, жаңа буынның өмір тынысындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шараға Алматы қа­ласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Мә­дениет және ақпарат ми­нистрлігі Жастар және от­басы істері комитетінің төр­ағасы Қайрат Қам­ба­ров, Жастар саясаты бас­қар­­маларының басшыла­ры, Жастар ресурстық орта­лық­тарының жетекшілері және мегаполистің белсен­ді жастары қатысты.

Алматы әкімінің орынбасары әкімдіктің жастарға арналған әлеуметтік инфра­құрылым құрудағы басым бағыттары мен жұмыс жос­пары туралы айтып берді.

– Алматы тұрғында­ры­ның шамамен үштен бірі немесе 682 мыңы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл өз кезегінде бізден жас­тарды қаламыздың дамуы үшін атқарылып жатқан жұмыстарға белсенді тартуды, олардың жайлы өмір сүруі, жұмыс істеуі, бос уа­қытын тиімді өткізуі үшін қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Осы орайда қа­ламыздың барлық ауда­нында NEET жастарды қол­дау үшін 8 комьюнити орталық аштық, – деді Арман Қырықбаев.

Ел жастарының басым бөлігі шоғырланған мегаполисте жастарды қолдауға арналған ауқымды жобалар аз емес. Биылдан бас­­тап қаланың әр ауда­нын­да осы санаттағы аза­мат­тарды қолдауға арнал­ған комьюнити орта­лық­тар өз жұмысын баста­ған болатын. Алматы қал­а­сы Жас­тар саясаты басқар­масының басшысы Қайыр­жан Мендіғалиев аймақ­тардан келген қонақтарға ел аумағында алғаш қанат қаққан жобаның жұмысы туралы баяндады.

– Әрбір комьюнити ор­талық креативті қоғам­дық кеңістікті құрайды. Мұн­да жастарды қолдау үшін қажеттінің бәрі бір жерде жинақталған. Бұл – әртүрлі мемлекеттік бағ­дар­лама бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET жас­тарын қысқамерзімді курс­тар арқылы өзекті ма­ман­дықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру. Жас­тар үшін ақысыз негіз­де білім беру курсы мен бі­лік­тілікті арттыру курс­тарын өткізуге, жастар бағ­дарламасын қазіргі за­ман­ға бейімдеуге әр кез дайын­быз, – деп атап өтті Қ.Мен­діғалиев.

Жоғарыда айтып өт­кен­дей, Алматыны дамы­ту бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін қала аумағында 16 жастар ко­мью­нити орталығын іс­ке қо­су жоспарланған. Жас­тар­ға қолдау көрсететін мұн­дай алаңдар құру – әлемдік тәжірибеде жемісін берген жоба. Комьюнити орталықтар еңбек нарығы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға және жастарды мегаполистің қоғамдық бастамаларына тартуға мүмкіндік бермек.

«Жастарға қолдау көр­се­тетін, қажеттінің бар­лығын бір жерде жинақтаған комьюнити орталықтарды көріп қуанып отырмын. Мұнда жастарды қолдауға барлық жағдай жасалып, ең бастысы, қызмет түр­ле­рін тегін алуға болаты­ны қуантты. Мұндай формат­тағы орталықтар тек Ал­ма­тыда емес, еліміздің бар­лық қаласында болуы қа­жет», дейді Жастар және от­басы істері комитетінің төр­ағасы Қайрат Қамбаров.

Жетекші мамандар технократия дәуірінің жас­тарын қандай мәселелер алаңдататынын, оларды қо­ғам­дық құндылықтарға баулудың мән-маңызын, түр­лі теріс бағытқа бой ал­дыр­ғандарды жаңсақ ойдың шырмауынан шығарудың тетіктерін талқылады. Өз­ге өңірлерден келген ма­ман­дар бұл бағытта Алма­ты­ның тәжірибесіне жүгіну­дің артықшылығы мол деп есептейді. Себебі Ал­ма­тының әр ауданынан ашыл­ған орталықтар жас­тардың қоғамнан өз орнын табуына оң ықпалын тигізеді.

 

АЛМАТЫ