• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Наурыз, 2024

Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады

162 рет
көрсетілді

Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылып қалды, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі tengrinews.kz порталына хабарлағандай, оқиға 5 наурыз күні сағат 6:45-те Сүйінбай даңғылы мен Шолохов көшесінің қиылысында болған.

«Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Шолохов көшесімен бұрылыста рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылған. Оқиға салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді», деп хабарлады полиция.

Оқиға дерегі бойынша Алматы қалалық ІІД тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастап, тиісті сараптамалар тағайындалды.