• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2024

Димашқа көне қобыздың ғылыми көшірмесі сыйға тартылды

193 рет
көрсетілді

Бірегей олжа 2014 жылы археологиялық экспедиция кезінде табылған. Аталмыш қобызды академик Дархан Қыдырәлі сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың болжамына сәйкес, бұл қобыз - VI-VII ғасырлардан қалған көне мұра.

Ең көне қобыз 2014 жылы Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде табылды.

Қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы мұражайда сақталған.