• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 06 Наурыз, 2024

«Ешқандай талдау жоқ» - Депутат министрдің жұмысын сынап тастады

201 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылымды бюджеттен қаржыландыру жұмыстарындағы кемшіліктерін атап, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, ғылымды бюджеттен қаржыландыру ісінде ашықтық жоқ, бюрократия, қиындықтар, ғылыми кеңес жұмыстарының кемшіліктері тағы бар.

«Мен кеше түнімен отырып, қандай есеп беріп жатыр екен деп осы ғылыми кеңес жұмыстарын қарадым. Ұлттық ғылыми кеңес деп аталады, оншақтысы бар. Қарап отырсаңыздар, бәрінің есебі – 4 бет. Тек статистика мен өздерінің мүшелерін жазып қойған, ешқандай талдау жоқ. Қандай ғылыми жетістіктер болды, қайда енгізілді, қандай тауарлар экспортқа шығарылады, қандай тауарлар жетілдірілді, қанша салық түсті, қанша жұмыс орны ашылды... ешқандай мәлімет жоқ. Есептері 3 беттен тұрады, бәрі орыс тілінде жазылған. Не мемлекеттік, не ағылшын тілінде материал жоқ», деді депутат.

Еділ Жаңбыршин ғылымды дамыту үшін ғалымдардың өздері дамитын орталар құру керек екенін алға тартып, шетелдік тәжірибедегі мысалдарды келтірді.

Оның айтуынша, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасында жай ғана Коммерциализация мен Ғылым туралы екі заң біріктірілген. 

«Осындай заң бола ма?! Сондықтан, министр мырза, екінші оқылымға дейін мынаның ішіне қажетті нәрселерді кіргізуіміз керек, жұмыс істейтін заң болу қажет. Әйтпесе, бұл «холостой патрон» болады», деді Еділ Жаңбыршин.