• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 06 Наурыз, 2024

Қайрат Сатыбалды жымқырған 732,8 млрд теңге қайтарылды

617 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының ісін тергеу аясында мемлекетке 732,8 млрд теңге қайтарылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл ақпаратты Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов растады. Оның айтуынша, 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы 1 триллион теңгеден астам қаржы қайтарылды.

«Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс аясында қайтарылды. Ол түрмеде отырған кезде қонақүй сатып алды деген ақпаратты егжей-тегжейлі зерттеп, істің мән-жайын нақтылау керек», деді Арман Тілеукенов.