Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астананың барлық ауданында 70-тен астам көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас қаланың қөпбалалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері салтанатты жағдайда тапсырылды.
«Аудан басшылары көпбалалы аналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, оларға жалпыадамзаттық құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге, мәдениетке деген елеулі үлесін атап өтті», делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салайық, «Алтын алқа» жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға беріледі. Ал «Күміс алқа» төсбелгісімен алты баланы тәрбиелеген әйелдер марапатталады.