• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 07 Наурыз, 2024

Түркістанда кеден бекетінің лауазымды қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

959 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лауазымды қызметерлер жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу дерегі бойынша күдікке ілінді.

Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті  сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.