Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде алғашқы айқасына шыққан Қазақстан боксшысы қарсыласынан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics-ке сілтеме жасап.
Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова (66 кг) бастапқы раундта есе жібергенімен, қалған раундтарда таразы басын өз тарапына бұра алды, сөйтіп, аргентиналық Лорена Соледад Бальбуэнаны 4:1 көрсеткішімен жеңді. Отандасымыздың келесі айқасы ертең өтеді.