• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Наурыз, 2024

«Жаһандық оңтүстік»: Әріптестік әлеуеті

100 рет
көрсетілді

Америкалық жетекші талдау орталықтарының бірі «Center for Strategic & International Studies» (CSIS) алаңында «Жаһандық оңтүстік» тұрғысында АҚШ тәсілдерін қайта қарау» атты панельдік пікірталас өтті. Іс-шараның спикерлері – Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, Замбия елшісі Чисамба Куаньяма және CSIS аға вице-президенті Даниэль Рунде.

Ержан Ашықбаев қазіргі геосаяси ахуал жаһандық державалар арасындағы бәсекелестікпен сипатталатынын, бұл «Жаһандық оңтүстік» елдерімен және «орта державалар» деп аталатын тәсілдер мен өзара іс-қимылдан көрінетінін мәлім етті. Осыған байланысты Қазақстан елшісі өзін халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылдың тиімді тетігі ретінде ақтаған көпвекторлы саясатқа қатысты стратегиялық міндеттемеге тоқталды. Астана Батыс пен Шығыс арасындағы көпір бола отырып, ұлттық мүдделер негізінде барлық жаһандық ойыншылармен прагматикалық және өзара тиімді қарым-қатынас орнатады. Осы тұрғыда Ержан Ашықбаев АҚШ-пен сирек минералдар, ауыл шаруашылығы, IT технологиялар т.б. салаларда кеңейтілген стра­те­гия­лық әріптестікті арттыру перс­пек­ти­валарына назар аударды.

Басқосу барысында Даниэль Рунде Қазақстанның сындарлы сыртқы сая­саты мен халықаралық аренадағы рөлін жоғары бағалады. Сонымен қатар CSIS өкілі тәуелсіздік алғаннан бері елдің жоғары өсуі мен даму қарқынын атап өтті.

Америкалық сарапшының пікі­рінше, АҚШ сирек кездесетін металдар, сауда және энергетика салаларын қоса алғанда, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстанмен қарым-қатынасты тереңдетуге тиіс.

Іс-шара соңында қатысушылар барлық елдің мүддесін сақтау қа­жеттігін атап өтті, бұл халықаралық аренада теңдестірілген қарым-қа­тынас орнатудың негізгі аспектісі болып саналады.