Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарына барды.
Өңірлерге сапарға Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты. Комиссия мүшелері 4 және 6 наурызда тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын осы өңірлердің барлық деңгейіндегі аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін семинар-кеңестер өткізді.
Семинар-кеңестер барысында Константин Петров 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар ол сайлау және сайлауаралық кезеңдерде тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын сайлау комиссиялары мүшелерінің қызметі, сайлау үдерісін тұтастай ұйымдастыру, сайлаушылар тізімімен жүйелі жұмыс, сайлау үдерісінің барлық қатысушымен өзара іс-қимыл мәселелерін белгіледі.
Сәбила Мұстафина сайлау үдерісіне қатысушыларға электораттық оқытуды ұйымдастыру мен қағидаттарын, сайлауды ұйымдастырушылардың еңбегіне ақы төлеуді, ұйымдастыру мәселелерін қаржыландыруды, бюджеттің атқарылуы мен іске асырылуын қамтитын сайлауды мемлекеттік қаржыландыру мәселелерін түсіндірді.
Іс-шаралар аясында ОСК аппаратының бөлім меңгерушілері Әйгерім Тәжиева, Гүлназ Кембаева АСК мүшелерін сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту нысандары және әдістерімен, мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгітті мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырумен жан-жақты таныстырды, сондай-ақ қатысушылар үшін тестілеу өткізді.
Семинар-кеңестердің екінші бөлімінде өңірлердің АСК мүшелері сайлау заңнамасына сәйкес сайлау тәжірибесі мен олардың практикалық шешімдері негізінде кейстік жағдайларды пысықтай отырып, дауыс беру күні бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды. Бұл ретте, ОСК мүшелері негізгі сарапшылар болды.
Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Константин Петров пен Сәбила Мұстафина Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы мен Абай облысының Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссияларына барды. Комиссия мүшелері мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі сайлау науқанының барысымен, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күніне дайындығымен танысты.