• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Наурыз, 2024

Гүл дауына іліккен экс-полицей тағы да бұзақылық жасады

448 рет
көрсетілді

Біраз уақыт бұрын гүл дүкенінің сатушысына шабуыл жасап, гүлдерді алып кеткен экс-полицей тағы да бұзақылығымен көзге түсті. Ол бұл жолы масаң күйде әйелдің телефонын тартып алған, деп жазады Egemen.kz.

Бұзақыдан телефонын сұрап шырылдаған әйелдің әрекеті әлеуметтік желіде тарап жатыр. 

Желі қолданушылары әйелдің мүлкін рұқсатсыз алған азаматты «гүл дауының кейіпкері» деп дереу таныды. 

Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде болған оқиғаны шешуге келушілер араласқан. 

Олар қоғамда қызу пікірталас тудырған оқиғадан экс-полицейдің сабақ алмауын, жазаның жеңіл болғанынан деп топшылап отыр. 

Айта кетейік, «гүл дауының кейіпкері» дүкеннен ақысын төлемей, сатушыға шабуыл жасағаны үшін 7 күн қамауда болды.