Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз үшінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен кездесіп, жеңісті жұлып алды.
Путинцева екі сетте де қарсыласынан озды. Есеп – 6:4, 6:1.
Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы, Польша теннисшісі Ига Швентекпен сынға түседі.