• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Наурыз, 2024

Ел экономикасы 4,2 пайыз өсті

154 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша ел экономикасы 4,2%-ға өсті. Нақты секторда оң динамика байқалуда. Нақты сектор – 5,1%-ға, ал қызмет көрсету саласы 3,5%-ға артты. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 7,9%-ды құрап, қаңтардағы 0,6%-ға қарағанда айтарлықтай жеделдеді», деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, инвестициялар көлемі құрылыста – 2,7 есеге, білім беру – 56%-ға, көлік және қоймалауда – 47%, ақпарат және байланыста – 45%, өңдеу өнеркәсібінде – 37%, ауыл шаруашылығында 12%-ға өсті. 

Сонымен қатар өңірлер арасында ең жоғары өсім Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды. Ақмола, Атырау және Маңғыстау облыстарында инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады. Алдын ала қорытынды бойынша биылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 10 млрд доллардан асты.