Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі мәресіне жетті. Ел спортшыларының қоржыны бұл сында бос қалды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Команда сапында Қанат Сейілхан ғана жоғары нәтиже көрсетті. Ол 60 келі салмақта бесінші орынға табан тіреді.
Қола медаль үшін өткен күресте Қанат Украина намысын қорғаған Дильшот Халматовтан ұтылды.
Командалық есепте ел құрамасы 30-орынға табан тіреді.