• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Наурыз, 2024

Бюджеттен 23 млн теңге ұрлап, құмар ойынға салған

393 рет
көрсетілді

Ақтөбе гарнизонының әскери соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған әскери қызметшіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Egemen.kz.

Анықталғандай, сотталушы қаржы қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

«Ол басқарманың бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстырып қолдану арқылы, өзінің банктік есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударымдар жасаған. Заңсыз алынған бюджет қаражатын спорттық бәстерге тіккен. Нәтижесінде, мемлекетке 23 миллион теңгеден астам шығын келтірген», деді әскери сот.

Бірінші сатылы соттың үкімімен әскери қызметші әскери атағынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілген.

Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, келтірілген залалды толығымен өтеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.