Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 13 наурыз күні Алматыда қалың қар жауатынын хабарлап, тұрғындарға ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушылар бұл күні алматылықтарды тауға шығудан бас тартуға шақырды.
«13 наурызда түнде Алматыда, сондай-ақ таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Таулы аймақтарда солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді», делінген департамент хабарламасында.