Қаржы министрлігі «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 1 наурыздағы жағдай бойынша 775 адам тұрмыс жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеу үшін 42 мыңнан аса АҚШ долларын шешіп алған.
2024 жылдың басында нысаналы талаптарға қатысушылардың саны 6 919 131 адам болды, оның 304 815-і 2024 жылы 18 жасқа толған.
18 жыл iшiнде орташа инвестициялық кiрiстiң 50 пайызынан қалыптасқан есептеулердің жалпы сомасы 695 519 269 АҚШ доллары болды, әрбiр балаға 100,52 АҚШ доллары есептелді.
«2024 жылы кәмелетке толған балалар үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на 30 640 003,80 АҚШ доллар қаражат аударылды», деп толықтырды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.