Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас Павлодардағы Наурыз мерекесінде өнер көрсетеді. Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді. Әншілердің гонорарына қала бюджетінен барлығы 10 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz golos-naroda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева айтты.⠀«Негізгі қаржы жұлдыздарға жұмсалды. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың гонорары қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы жарнасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды», деді Светлана Гладышева мерекелік бағдарламаға қаланың жалпы шығыны туралы сұраққа жауап беріп.⠀Естеріңізге сала кетейік, ел азаматтары Наурыз мейрамын 5 күн: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері тойлайды.