• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 13 Наурыз, 2024

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

1292 рет
көрсетілді

Бір аптадан кейін Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсан аяқталып, оқушылар демалысқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған каникулдар кестесіне сәйкес, оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурызда басталып, 31 наурызда аяқталады. Демек, оқушылар 11 күн демалады.

Төртінші тоқсан 1 сәуірде басталады, ол 8 оқу аптасын құрайды. 

Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Ал 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникул басталады.

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында ел азаматтары 14 күн демалатынын бұған дейін де хабарлаған едік.