Келеңсіз оқиға 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні болған. Кадрларға зер салсақ, төбелеске ондаған ер адам мен әйел қатысқан. Сонымен қатар жұдырық жұмсап, орындықтарды да лақтырған.
Кафе әкімшілігі материалдық шығынды есептеп жатыр. Қонақтар ыдыс-аяқты жерге лақтырып, жиһаздарды сындырған.
Қарағанды облысының полиция департаменті жаппай төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталғанын хабарлады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.