• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Наурыз, 2024

Амал мерекесінде ел аумағында қандай ауа райы болады?

101 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 14 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл таулы аймақтарында, оңтүстікте, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі.

Тек батыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстан Республикасында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауады, оңтүстікте, орталықта көктайғақ болады. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында және шығысында шаңды дауыл тұрады», делінген хабарламада.