• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Наурыз, 2024

Жол картасын бекіту мәселесі

123 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында негізгі жобалар бо­йынша үлгілік Жол картасын бе­кіту мәселесі қаралды. Ұсы­ныл­ған Жол Картасы жо­ба­ларды жедел қолдауға ба­ғыт­талған және оларды іске асыру кезеңдерін, негізгі бақы­лау нүктелерін, сондай-ақ олардың орындалу барысы мен кідірістерін қамтиды.

Сонымен қатар инвесторлар арасында туындаған түйткілді мәсе­лелерді шешу жолдары, оның ішінде биотехнологиялық препараттар өндірісін оқшаулау кезінде, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыт­талған энергетика саласындағы жобалар, сондай-ақ ірі инвесторлардың жобалары қарастырылды. Жобалар Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің ерекше бақылауында.

Өз кезегінде өңірлік деңгей­де Жамбыл облысы әкімді­гінің инвестиция тарту жөнін­дегі қызметі қаралды. Өңірде өнер­кәсіп, АӨК, сауда және көлік сала­ларында өсім байқалады.