Ресей Федерациясының президентін сайлауда экзитполдың алғашқы нәтижелері шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметтері:
Владимир Путин — 87%
Николай Харитонов — 4,6%
Владислав Даванков — 4,2%
Леонид Слуцкий — 3,0%
«Общественное мнение» қорының мәліметтері:
Владимир Путин — 87,8%
Николай Харитонов — 4,7%
Владислав Даванков — 3,6%
Леонид Слуцкий — 2,5%
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Путин 87,97% дауыс жинады.
ОСК Ресейде президент сайлауында дауыс бергендер саны 74%-дан асты деп отыр.
Ресейде президент сайлауы 15 наурызда басталған болатын.