• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2024

«Жәнібектің арқасында»: шетелдіктер асырап алған тағы екі бала туыстарымен қауышты

317 рет
көрсетілді

Журналист Қымбат Досжан «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы шетелдіктер асырап алған тағы екі бала туыстарымен кездескенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Айта кетсек, бұл екі бала - Роза және Нұрлан. Арқалық қаласындағы балалар үйінен қос қазақ баласын шетелдік отбасы асырап алған еді.

«Бармысың, бауырым?» хабарының өткен санында Роза Багусова есімді кейіпкер өз оқиғасын баяндап, туған ата-анасын іздеп келгенін айтты.

«Араға апта салып Розаның анасы да, әкесі де табылғанын хабарлап отырмыз. Роза эфирге келуге тиіс еді. Алайда, белгілі себептермен жолға шыға алмаған екен. Анасы мен әкесі оңаша кездесуді жөн деп тапты. Бірақ әкесінің туысы студияға келіп Розамен тілдесті», деді Қымбат Досжан.

Ал Нұрланға туған анасымен тілдесетіндей мүмкіндік туған.

Қымбат Досжанның айтуынша, екеуі екі түрлі отбасынан шықса да, бір отбасыда ағалы-қарындастай өскен.