Қазақстанның дзюдо құрамасы Грузияның бас қаласы Тбилисиде наурыздың 22-24 күндері өтетін әлемдік Grand Slam турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дзюдо федерациясының мәлім етуінше, дүбірлі додаға 83 елден 500-ден астам спортшы қатысады.
Құрама бапкерлері үміт артып отырған дзюдошылар тізімі:
Ерлер: -60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов, -66 кг: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан, -73 кг: Бақытжан Абдурахманов, -81 кг: Мәди Амангелді, -100 кг: Ислам Бозбаев, +100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.
Әйелдер: -48 кг: Ғалия Тынбаева, -52 кг: Балнұр Әбдешова, -57 кг: Бақыт Құсақбаева, -63 кг: Кристина Сотникова, -70 кг: Екатерина Токарева, -78 кг: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина, +78 кг: Камила Берліқаш, Карина Такиева.