• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Наурыз, 2024

Қар, жауын-шашын: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

862 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанда 19, 20 және 21 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, бұл ауа райының тұрақсыз сипатына алып келеді, жауын-шашын болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде 21 наурызда түнде қатты жауын-шашын, Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде 20 наурызда күндіз қатты жаңбыр, Қызылорда облысында 21 наурызда, Түркістан облысында 20-21 наурызда, Жамбыл облысында 19, 20-21 наурызда түстен кейін қатты жаңбыр, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 21 наурызда қатты жаңбыр жауады деп болжанған.

20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, солтүстікте және орталықта қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

- Елдің басым бөлігінде ауа температурасы солтүстік жартысында түнде 7-18 аязға дейін, күндіз 6 градус аяз - 6 градус жылыға дейін, республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 градус аязға дейін, күндіз 3-18 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, - делінген хабарламада.