• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Наурыз, 2024

Олимпиада жүлдегері АҚШ-та көз жұмды

273 рет
көрсетілді

2014 жылы Жасөспірімдер олимпиадасында 54 кг салмақ дәрежесінде еркін күресте топ жарған Мұхамбет Қуатбек өмірден өтті. Кейінгі жылдары АҚШ-та тұрған балуан белгісіз жағдайда қаза тапқан. Бұл туралы спорт журналисі Данияр Кәрімжан жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхамбет Қуатбек Жасөспірімдер олимпиадасына алғаш рет 2013 жылы қатысты. Бұл жолы ол 13-орыннан көрінгенмен, келесі жылы Нанкинде өткен олимпиадада жүлдегер атанды. 2016 жылы 55 кг салмақта жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болды.

16 наурыз күні Мұхамбет Қуатбек АҚШ-та көз жұмды. Елшілік спортшының денесін елге әкелу ісін қолға алды. 

«Мұхамбет балуан 16 наурыз күні АҚШ-та көз жұмды. Ол соңғы екі жылда Филадельфияда тұрған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз», деді журналист Данияр Кәрімжан.

Қаралы хабарды Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов та ресми түрде растады.

«Өкінішке қарай, осындай хабар алып отырмыз. Тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған балуанымыз Мұхамбет Қуатбек өмірден өтті. Туыстары мен ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз. 27 жастағы балуан соңғы жылдары АҚШ-та өмір сүрді», деді Аспандияр Есенжолов.