Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Елордалық стационарлар өз белсенділігін төмендетпей, қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Фильтр-кабинеттер 8:00-ден 20:00-ге дейін, ал активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастырады. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау 24/7 жүзеге асырылады.