Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокс бәсекесінде бүгін 3 ел спортшысы шаршы алаңға шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан бокс федерациясы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде 25 наурыз күні бақ сынайтын боксшылардың аты-жөнін жариялады.
Олар:
60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов ширек финалда венгриялық Марк Адоль Балохқа қарсы шығады.
71 келіде отандасымыз Дархан Дүйсебай жарыс қожайыны Наби Искандаровпен қолғап түйістіреді.
86 келіде қазақ-өзбек боксшылары Бекзат Таңатар мен Самандар Джалолов өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі 23 наурыз күні жалауын көтерді. Бәсекеде әлемнің 100-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр.