Маңғыстау облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Lada.kz-ке оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері айтты.
Полицейлердің мәліметінше, жол апаты 24 наурызда Мұнайлы ауданындағы Оңтүстік тасжолында болған.
«Kia көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Kia көлігінде болған екі жолаушы қаза тапты», деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.