Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада биыл алғаш рет бірден 7 өңірде өтеді. Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт:
17-21 наурыз - Астана қ. физика, математика;24-28 наурыз - Алматы қ. информатика, география;27-31 наурыз - Павлодар қ. химия, биология.Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
1-5 сәуір - Қостанай қ. орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;7-11 сәуір - Атырау қ. қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;14-18 сәуір - Өскемен қ. Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;20-24 сәуір - Петропавл қ. ағылшын, неміс және француз тілдері.
Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынайды.
Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.