• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Наурыз, 2024

Жоғарғы Сот кәсіпкердің құқығын қорғады

110 рет
көрсетілді

Екі кәсіпкерлік субъекті арасында 2021 жылдың соңына дейін тауар сатып алуға шарт жасалған. Сатушы шарт талаптарын орындағанын, тараптардың тауарды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойғанын және тауарды орнату бойынша атқарылған жұмыстарды алға тартып, 156 млн теңге берешегін және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы ұсынған құжаттармен тауардың жеткізілгендігінің расталғанын атап өтіп, талап қоюды қанағаттандырған.

Апелляциялық сот алқасы сот шешімін бұзған және сатушының құжаттарды сатып алушыға қол қоюға жіберу фактісін дәлелдемегенін, тауарды қабылдау-тапсыру актілерін ұсынбағанын, сондай-ақ талап қоюшы орындалған жұмыстардың актілерін жарамды деп тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінбегенін көрсете отырып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырды.

Жоғарғы сот істі қарап, сатушының шарт бойынша өз міндеттемелерін орындағанын көрсетті. Бұл қабылдау-тапсыру актілерімен, тауарды жеткізу құжаттарымен және электронды шот-фактуралармен расталады. Сондай-ақ қарызды растайтын тараптардың қол қойған өзара есеп-шоттарды салыстыру актісі бар екені атап өтілді.

Сонымен қатар сатып алушы тауарды жеткізу және орнату фактісін жоққа шығармайды, бұл сатушының шарт бойынша өз міндеттемелерін орындағанын білдіреді.

Сот алқасы сатып алушының шартты орындамауына байланысты бұзу шараларын қолданбағанын ескерді: сатушыға талаптары білдірілген хаттары жолданбаған, сатушы жалған құжаттарды ұсынғандығы фактісі бойынша сатып алушы полиция органдарына хабарласпаған.

Сатып алушы 61 миллион теңгені ұстаған соң, оның Шарт бойынша сатушы алдындағы қарызы 156 миллион теңгені құраған.

Жоғарғы сот апелляциялық шешімнің күшін жойды. Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.